Б.Обама Ирактағы американ әскерін 2010 жылдың тамыз айында шығарады

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама, Ирактағы американ әскері 2010 жылдың тамыз айының соңында толық шығарылатынын, ал Ауғанстан аумағынан американ әскері 2011 жылдың шілде айынан бастап әкетіле бастайтынын қуаттады,

Б.Обама Ирактағы   американ  әскерін  2010 жылдың тамыз  айында  шығарады

деп хабарлайды РБК агенттігі.

«Ирактағы соғыс аяқталып келеді және біздің әскерлеріміз үйге оралуда», деп мәлім етті Барак Обама бүгін конгресске жасаған өзінің алғашқы үндеуінде.

Обама, АҚШ-тың Ирак үкіметіне сайлау кезінде қолдау көрсететінін және тұрмыс-тіршілікті қалпына келтіруде ел азаматтарына көмек қолын созатынын мәлім етті.

Ақ үй басшысы сондай-ақ, «Ауғанстандағы миссияның табыстылығына» сенім білдірді.