Б.Обама шағын бизнес үшін Конгрестен 30 миллиард доллар сұрап отыр

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама шағын бизнеске 30 миллиард доллар бөлу жөніндегі жақында мәлім еткен жоспарын қолдау туралы өтінішпен Конгреске шықты,

Б.Обама  шағын   бизнес үшін Конгрестен  30  миллиард  доллар  сұрап отыр

деп хабарлайды РБК агенттігі.

«Мен екі партияны жақсы идеяларға кедергі болмауға шақырамын», дейді американ басшысы демократтар мен республикашылдарға арналған үндеуінде.

«Мен жасап отырған ұсыныстың либералдық та, консервативтік те бояуы жоқ, ол еліміздің әлсіреген экономикасын нығайтуға бағытталып отыр» деп мәлім етеді Обама.

Естеріңізге сала кетейік, шағын бизнес секторына үкіметтік көмек бөлу туралы бастаманы Б.Обама қаңтардың 28-інде Конгреске және американ халқына жасаған алғашқы Жолдауында көтерген еді. Осынау секторды қаржыландыру бағдарламасының есебінен АҚШ үкіметі экономиканы аяғынан тұрғызуды жеделдете түспек. Бұл жоспарға сәйкес, жеңілдікті мақсатты несиелер шағын кәсіпорындарға, әсіресе, жаңа жұмыс орындарын құрумен белсенді айналысып отырған кәсіпорындарға берілетін болады.