Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Б.Рысқалиевтің кезінде Атырау облысында екі қылмыстық топ әрекет еткен - прокурор

АТЫРАУ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысында бір емес, екі қылмыстық топ әрекет еткен. Олар мемлекеттік қаржы мен мемлекеттік дүние-мүліктің есебінен түскен қаржыны жымқырып отырған, деп хабарлады сотта мемлекеттік айыптаушы прокурор Ақылбек Қаражанов.

Б.Рысқалиевтің кезінде Атырау облысында екі қылмыстық топ әрекет еткен - прокурор

Прокурордың түсіндіруінше, қылмыстық серіктестіктің әрекет ету үлгісін ашу кезінде халықаралық іздеу жарияланған облыстың бұрынғы әкімі Б.Рысқалиевпен Атырауда коммуналдық жекеменшіктегі нысандарды заңсыз түрде жекешелендіру үшін қылмыстық топ құрылғаны анықталды. Оны облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов басқарған. «Топ құрамына, экс-әкім Бергей Рысқалиевтің жоспарына сәйкес, облыстың қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Жантеміров, облыс әкімінің орынбасары Асқар Әбдіров кірген. Дәукенов серіктестіктің қылмыстық әрекетін үйлестіріп отырған», - деді прокурор. Бұл топтың негізгі міндеті - нысандарды төмендетілген бағамен жекешелендіру үшін құжаттар дайындау. Еске сала кетейік, тергеу нұсқасы бойынша, Атырау облысының бұрынғы басшысының қылмыстық тобының әрекетінен мемлекетке келген жалпы залалдың мөлшері - 70 млрд. 899 млн. 549 мың 276 теңге.