Б.Сағынтаев пен Чжан Гаоли Н.Назарбаевтың ҚХР-ға ресми сапарына дайындық жұмыстарын талқылады (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚКП ОК Саяси бюро тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Гаолимен кездесу өткізді.

Б.Сағынтаев пен Чжан Гаоли Н.Назарбаевтың ҚХР-ға ресми сапарына дайындық жұмыстарын талқылады (ФОТО)

Қос тарап қыркүйек айында G20 саммитіне қатысу үшін Н. Назарбаевтың ҚХР сапарына дайындық барысын және екіжақты ынтымақтастық мәселелерін кең ауқымда, «Нұрлы жол» және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламаларының ортақ тұстарын, сауда-экономикалық, индустриялық, инновациялық және басқа салалардағы өзара қарым-қатынас жайын талқылады.

Қытайға жұмыс сапары барысында Б.Сағынтаев Шэньси провинциясына, Сиань қаласына барып, аймақ басшылығымен және Қытай бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізеді. 

null null null