Б.Сағынтаев: Ресей мен Қазақстан Байқоңыр нысандарын жалға беруге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстан мен Ресей бірлесіп, Байқоңыр ғарыш айлағының нысандарын өзге мемлекеттерге жалға беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

«Біз Ресей тарапымен бірлесе отырып, құр қол қарап отырғымыз келмейді. Нысандары пайдалануға беріп, табыс тапқымыз келеді», - деді ол журналистерге Байқоңыр ғарыш айлағы бойынша Ресей-Қазақстан комиссияаралық отырысынан кейін.

Оның айтуынша, ғарыштық игеруді мақсат тұтқан және  ғарыш айлағын салуға қаражат жұмсағысы келмейтін мемлекеттерді Байқоңырға тарту керек.

«Бізге президенттер жаңа тұжырымдама жасауды тапсырды. Ондағы бір пункт - ғарышты игергісі келетін мемлекеттерді Байқоңырға тарту қажет», - деп атап өтті Б. Сағынтаев. 

Соңғы жаңалықтар