Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Б.Сауранбаев Алматыдағы коммуналдық жұмыстарды жүргізіп жатқан ұйымдардың жұмысын сынға алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы əкімінің орынбасары Болат Сауранбаев бүгін 9 нысанды аралап шыққаннан кейін коммуналдық жұмыстармен айналысып жатқан жекеменшік ұйымдардың жұмысын тексерді.

Б.Сауранбаев Алматыдағы коммуналдық жұмыстарды жүргізіп жатқан ұйымдардың жұмысын сынға алды

Ең алдымен, əкімнің орынбасары Оспанов көшесінің бойындағы кəріз жүйесін жөндеп жатқан «Мекен» ЖШС-іне уақытында құрылыс жұмыстарын аяқтамағаны үшін сын айтып, жауапты адамды сұрақтың астына алды. Қала əкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға 10 қыркүйекке дейін аяқтауды бұйырды. Жол жөндеп жатқан «Асмар-строй» ЖШС 15 қыркүйекке дейін 5 күнде жолды қалпына келтіруді бұйырды. Келесі нысан бойынша Марков-Попов көшелерінің қиылысындағы жылу тарату желілерін жүргізіп жатқан «ЖК Астана құрылыс» мекемесін де сынға алынды. «Құбырларды орналастыру ғана қалды. Байқау кеш басталды. 20 тамызда. 20 қыркүйекке дейін аяқтаймыз»,- деді компанияның атқарушы директоры Теңізбаева Айнұр. Қала əкімінің орынбасары 17 күн ішінде аталған жұмыс аяқтала қоярына күмəн білдірді. Келесі нысан 30 тамызда пайдалануға берілуі керек болатын. Тимирязев-Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы «Алматы техносервис ЛТД» 12 қабатты үйлерді жылу желілеріне қосу керек еді. Жұмыстың дұрыс аяқталмағанына көз жеткізген Болат Сауранбаев компанияны лицензиясынан айыруды талап етті. Сондай-ақ, əкімшілік полиция өкілі аталған ЖШС-на жол белгілерін қоймай жұмыс істегені үшін екі рет 15 жəне 20 АЕК көлемде айыппұл салынғанын атап өтті.