БАӘ-дегі алапат өрт: Екі зәулім тұрғын үй отқа оранды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінде Аджман және Шарджа әмірліктері шекарасында орналасқан Ajman One тұрғын үй кешені өртеніп жатыр.

Әмірліктің жедел қызметінен хабарлағандай, қазірдің өзінде осы ауданның 12 ғимаратының екеуі отқа оранған. Өрттің одан әрі таралу қаупі бар, деп хабарлайды ТАСС.

Құтқарушылардың деректеріне қарағанда, өрт туралы хабар жергілікті уақытпен 21:45-те түскен. Қазіргі уақытта кешен тұрғындарын эвакуациялау жүріп жатыр. Өрт салдарынан зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге түсе қойған жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram