БАӘ дрон шабуылынан «Барака» атом электр станциясы маңында өрт шыққанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM - БАӘ билігі дронның «Барака» атом электр станциясының ішкі периметрінен тыс жердегі электр генераторына соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

а
Фото: Qatar News Agency

БАӘ билігі радиациялық қауіпсіздік бақылауда, станцияның жұмысы сақталды және ешкім зардап шеккен жоқ деп сендірді.

Біріккен Араб Әмірліктері жауапкершілікті нақты бір елге жүктемеді. Бірақ оқиға Тегеран мен Вашингтон арасындағы соғысты тоқтату шарттары бойынша келіссөздердің тоқтап қалуы кезінде болғанын атап өтті.

БАӘ бұған дейін Иранды энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасады деп айыптап, бұл аймақтағы қақтығыстың қауіпті түрде ушығуына әкелуі мүмкін деп ескерткен болатын.

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді.

АҚШ-Израильдің Иранға қарсы соғысы басталғаннан бері Тегеран БАӘ-ні қоса алғанда, американдық әскери базаларды орналастырған Парсы шығанағы елдеріне бірнеше рет шабуыл жасады.

АҚШ президенті Дональд Трамп мамыр айының басында Ормуз бұғазын ашу үшін «Бостандық жобасы» операциясының басталғанын жариялағаннан кейін (операция кейінірек тоқтатылды), Әбу-Дабидің мәліметі бойынша, Иранның БАӘ-ге шабуылдарының қарқыны тағы да артты.

БАӘ Ормуз бұғазын айналып өтетін мұнай құбырының құрылысын жеделдететінін жазған едік.