БАӘ Елшілігі зағип және көзі нашар көретін балалар үшін медициналық жабдықты сыйға тартты

Нақтырақ айтқанда, БАӘ Елшілігі орталыққа көз қылилығын емдеуге жағдай жасайтын, офтальмолог кабинетіне арналған құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
БАӘ Елшісі балаларды шуақты мейраммен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Түзеу орталығында тегін, мемлекеттік квота негізінде, мектепке дейінгі жастағы 50 ден астам, көру және сөйлеу қабілеттері төмен балалар кешенді көмек алуда. Сонымен қатар, аталған орталықта ата-аналарға кәсіби деңгейде психолог мамандары көмек көрсетуде. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап істейтін, № 71 мектеп-гимназиясы негізінде құрылған түзеу орталығы, келесі мамандар қызметін ұсынады: тифлопедагог, логопед, дефектолог, психолог, түзету ырғақ маманы, емдік дене шынықтыру маманы т. б. Ал енді, БАӘ Елшілігінің көмегімен қылилық диагнозы бар көптеген балалар офтальмолог маманынан білікті медициналық көмегін ала алады. Осы уақытқа дейн, офтальмолог кабинеті мемлекеттік лицензиясы және ең қажетті жабдықтардың болмағандығынан жұмыс істемеген. Бүгін, Астанадағы бірден-бір және тегін орталықтың аталған кабинетінің жұмыс жоспарын іске асыру мүмкіндігі туды.
«Осындай орталықты ашуға атсалысқан және кол ұшын созған Астана қаласы әкімшілігіне және Астана қаласының Білім департаменті басшылығына өз ризашылығымды білдіремін. Себебі, мұндай орталықтар, үмітін үзген балаларға болашаққа деген сенім ұялатады! Сондай-ақ, мен күндердің бір күнінде, осы балалардың ішінен Қазақстанның әлемге мақтанышы шығады деп ойлаймын!», - деді БАӘ Елшісі Сухейль Матар Алькетби.