БАӘ мектептерінде Халықаралық бакалавриат емтихандары тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Түлектерге пандемия кезеңінде қолданылған балама бағалау тәсілі ұсынылады. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлады.

БАӘ мектептерінде Халықаралық бакалавриат емтихандары тоқтатылды
Фото: Gulf news

Gulf News басылымының мәліметінше, өңірдегі жағдайға байланысты БАӘ мектептерінің оқушыларына Халықаралық бакалавриат емтихандарының тоқтатылғаны хабарланған.

Дубайдағы Халықаралық бакалавриат мектептері таратқан хабарламаларға сәйкес, дипломдық (DP) және кәсіби бағыттағы (CP) бағдарламаларда оқитын оқушылар 2026 жылдың мамыр айында емтихан тапсырмайды.

Білім министрлігімен жүргізілген талқылаулар нәтижесінде үкімет оқушылардың үлгерімін бағалаудың балама тәсілін енгізу туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар ұйым түлектердің қорытынды нәтижелерін жоғары оқу орындары қабылдайтынын, бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстан мен БАӘ Cыртқы істер министрлері өңірдегі жағдайды талқылағаны туралы хабрланған.