БАБАЛАР СӨЗІ: Бөлкен сайының аталу себебі?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.
None
None

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады. *** Ертеректе Бөлкен деген адам жолаушылап келіп, осы сайдың аузында тыныстайды. Сонда бұларға қарама-қарсы бір жылан келіп тоқтайды. Бұны көрген Бөлкен жолдастарына: «Мен мына жыланды тарымдаймын (тілін байлаймын), егер бұны өлтірмесем, кейінгі ұрпаққа зиян жеткізеді» деп жыланның жатқан жерінің сыртын айналдыра шеңбер сызып, арбасуға кіріседі. Жолдастары қорқып қашып кетеді. Соңында Бөлкен жыланнан жеңіліп мерт болған екен. Содан, бұл сайдың аты Бөлкен тарымшының атымен аталып кеткен.

Соңғы жаңалықтар