БАБАЛАР СӨЗІ: Шақшақ Жәнібектің Тауасар батырға ат қойғаны

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай ғасырлар тереңінен жеткен атадан қалған асыл сөздің мәйегі - «Бабалар сөзі» атты жаңа жобасын іске қосты. Жобаның негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерліктер алынды. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланып отырады.
None
None

***

Тауасардың әкесі Есенаман баласына ат қойғызарда арғынның шақшақ руынан шыққан қарт Жәнібекті жорықтан келе жатқан жолынан тосып, сәлем беріп, қуанышты көңіл күйін айтады.

Міне, сол даңқты Шақшақ Жәнібек қареке-байбура руындағы Есенаман байдың тілегіне бар ықыласын беріп, оның үйіне түседі. Қуанышты ата-ана ағынан ақтарылып, адал ниетімен, ақсарбас қойын сойып қарсы алады. Ақ күндікті ана мен айыр бөрікті ата аяулы көретін аруақты батырлары Шақшақ

Жәнібектен: «Баламызға ат қойып беріп, аруағыңызбен қорғай жүріңіз», - деп тілек етеді.

Ата-ананың қуанышынан жүрегі тебіренген батыр бесікті алып, бесік көрпені ашып, балпанақтай баланы көріп, тебірене бата беріп, былай дейді:

Жағаласар жауың көп, Жауға шапсаң, есер бол! Ел ішінде дауың көп, Жұрт алдында көсем бол! Жабылған жауды жапырып, Шайқасқанда есен бол! Жекеге шықсаң желденіп, Жауыңның басын кесер бол!

Сонан соң бетін сипады да, ата мен анаға қарап: «Бесігін көтергенде, көңілім толды, балаңыздың аты Тауасар болсын! Бірақ біреулерге атын ататып боқтатпа, ат жалын тартып мінгенде, алған бетінен тоқтатпа!» -дейді. Шақшақ

Жәнібекті пір тұтып, сиынған ата-ана: «Әумин!» - деп бетін сипайды.

Соңғы жаңалықтар