Backstreet Boys концертінде 2,5 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Орталық стадионында бүгін әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді.

Алматы полициясы
Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Алматы қалалқ полиция департаментінің мәліметінше, концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2,5 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылады.

- Полицияның кешенді күштерінің кезекшілігі күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және көлік қозғалысын реттеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, - деп хабарлады департаменттен.

Сондай-ақ кептелістің алдын алу және арнайы көліктердің еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін Абай даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтбаев көшелері шеңберінде автокөлік қозғалысына ішінара шектеу қойылуы мүмкін.

Еске салайық, әйгілі Backstreet Boys тобы Алматыға кеше келді.

Бұған дейін концерт алдында Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатқанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар