16:33, 01 Наурыз 2009 | GMT +5
Баффет: 2009 жылы өте ауыр болады
МӘСКЕУ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат – Танымал американдық миллиардер Уоррен Баффет 2009 жыл американдық экономика үшін өте ауыр болады деп санайды.
ҚазАқпарат бұл туралы Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.Баффет бұл жайында өзі негізгі меншік иесі болып табылатын Berkshire Hathaway Inc. компаниясы акционерлеріне жыл сайынғы жолдауында мәлімдеген.Баффет 2009 жылға және алдағы бірнеше жылға қара аспанды төндіріп отыр. Алайда ол АҚШ экономикасына ұзақ мерзімдегі болашақта елеулі қауіп жоқ екенін атап өткен. «Ұзақ уақыт бойы біздің экономикалық жүйе өте жақсы жұмыс істеп келді, болашақта да осылай болады, Американың жақсы күндері әлі алда», - дейді Баффет.