Баға өспейді: Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен келісім жасалды

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде әлеуметтік жұмыртқа бағасы тұрақты болады. Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің арасында тиісті меморандумға қол қойылды.

яйца
Фото: Pexels

Құжатта баға саясатына қатысты шаралар қарастырылған. Атап айтқанда С1 санатындағы жұмыртқаларды 30 данасы салынған қораппен құс фабрикасы қоймасынан әр данасын 51,5 теңгемен шығару туралы келісім бар. Сондай-ақ, бұл жұмыртқаларға үстеме құн өндірушіден шыққан бағадан 15%-дан аспауға тиіс. 

Қауымдастық, сонымен қатар, азық-түліктің, соның ішінде жұмыртқаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жасалған мониторинг қорытындысы бойынша мәліметтермен бөлісті.

Бұл деректерге сай, Астана, Қостанай, Алматы қалаларында С1 санатындағы жұмыртқалардың бағасы 535 теңгеден аспайды

Меморандум — бағаны тұрақтандыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асырудағы нақты амалдардың бірі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жұмыртқаны терең өңдейтін алғашқы зауыт салынатынын жазған едік

Соңғы жаңалықтар