Бағаның көтерілуіне жол бермейміз - Ахметжан Есімов

АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Дүрбелең туғызатын бағаның көтерілуіне жол бермейміз. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін сауда нысандарын аралаған кезде осылай айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өнімнің базалық бағасы бар, сол бағадан ауытқуға болмайды. Дүрбелең туғызатын бағаның көтерілуіне жол бермейміз. Біз сіздердің атқарып отырған жұмыстарыңызды дұрыс бағалаймыз әрі құптаймыз. Бірақ, баға саясатына барынша мұқият қарауды талап етеміз», - деді Ахметжан Есімов «Ақсай-нан», «Арзан», «DOMILLION» сауда орындарында, «Прима», «Данко» ЖШС-нің қойма кешендерінде және «АХБК» мақт - мата комбинатында болған кезінде. Ол азық-түлік тауарларының саудасын бақылап, олардың қандай бағамен өтіп жатқанымен танысты. Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының көлемін сұрастырып, сауда жүйелерінің басшыларымен қаладағы баға саясаты жөнінде әңгімелесті. Теңгенің девальвациясына байланысты тауар әкелетіндер мен оны өткізумен айналысатындарға түсіністікпен қарауды ұсынды.
Соңғы жаңалықтар