Бағдадта 3 елшілік жарылды, құрбан болғандардың саны сағат санап көбеюде

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Бағдадта орын алған лаңкестік әрекеттердің құрбандарының саны 42 адамға жетті , жараланғандардың саны 230-дан асты. Бұған дейінгі ақпараттарда 38 адамның қазасы туралы айтылған болатын,
None
None

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Ирак астанасында Мысыр, Германия жән Иран елшіліктерінің жанында бірнеше жарылыс болды. Испанияның дипломатиялық өкілдігі де зардап шекті, деп хабарлайды Associated Press.

Қаза тапқандардың ішінде - елшіліктерді күзеткен бірнеше ирак сарбазы бар. Жараланғандардың төртеуі - Мысыр елшілігінің қызметкерлері екені хабарланып отыр. Ирактың құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атап көрсетуінше, жарылыстар бір уақытта болған.

Мысыр елшілігінің күзеті жанкешті мінген машинаға оқ атқан, бірақ соған қарамастан елшіліктің аумағына еніп, бомбаны іске қосып үлгерген. Бұл әрекеттер үшін жауапкершілікті әзірге бірде-бір экстремистік топ өз мойнына алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар