Бағдадтағы лаңкестік әрекеттердің құрбандары 39 адамға жетті

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Бағдадта жасалған лаңкестік әрекеттер 39 адамға жетті, тағы 1000-ға жуық адам жараланды. Бұл туралы медициналық дерек көздерге сілтеме жасап хабарлануда.

Бағдадтағы лаңкестік әрекеттердің     құрбандары   39  адамға жетті

Мина қойылған екі автокөлікті жанкештілер Бағдадтың орталық ауданындағы "Палестина-Меридиан", "Вавилон" және "Шератон- Иштар" қонақүйлері орналасқан ауданда араларына бірнеше минуттан салып жарған болатын. Соңғы жарылыстың толқыны отельдерді қорғау үшін тұрғызылған бетон дуалдардың өзін жермен-жекмен еткен. Бірнеше минуттан кейін тағы бір көлік Эл-Каррада орамындағы «Хамра» қонақүйінің жанында жарылды. Микроавтобусқа мінген жанкешті қонақүйге кіреберістегі полиция блок-бекетін соғардың алдында, бірнеше содыр ондағы тәртіп сақшыларына қарсы автоматтан оқ жаудырған, содан кейін іздерін жасырған. Жарылыс үлкен зардап әкеліп отыр. Қонақүйлермен қоса, жақын маңдағы нысандар мен тұрғын үйлер жартылай зардап шегіп отыр. Қаза тапқандардың ішінде әйелдер мен балалар көп, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.