Бағдат Қожахметов «31 арнаның» Бас директоры болып тағайындалды

қараша. ҚазАқпарат. «31 арнаның Бас директоры болып Бағдат Қожахметов тағайындалды. Бұл туралы «СТС Медиа» халықаралық медиахолдингі (NASDAQ: CTCM) мәлімдеді. Жаңа қызметте оның алдына арнаның бекітілген стратегиясын жүзеге асыру, компанияның концепциясын жалғастыру, болашаққа жоспар дайындауға белсенді қатысу және көрермендер көрсеткіштері мен қаржылық тиімділігін арттыру мәселелері тұр.
None
None

«СТС Медиа» халықаралық холдингінің Бас директоры Антон Кудряшев:«Қазақстандағы телеарналар арасындағы бәсекелестіктің жағдайында және көрермендердің ықыласына бөлену мақсатында арнаның өзіндік образын қалыптастыру - басты мәселе. «31 арнамен» бірлесе қызмет еткен жылдар ішінде біз өте жақсы ұжым қалыптастырдық. Арнаның нарықтық ұстанымдарын нығайтуға бағытталған біздің барлық бастамаларымыз қазақстандық әріптестеріміз тарапынан табысты түрде жүзеге асты. Осы жылдар ішінде біз арнаға контент пен технология саласын қоса алғанда ең үздік, ең жаңашыл дүниелерді енгізуді міндетіміз деп санадық. Бағдат Кожахметов мырзаның басқару тәжірибесі мол, оның кәсіби біліктілігі мен өз ісіне деген адалдығы бізге болашақта да үлкен жетістіктерге қол жеткізуге көмектеседі деп сенеміз»,- деді.

«СТС Медиа» халықаралық холдингінің тобына қосылып, 31 арнаны басқару мен үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі күні «31 арна» ақпараттық-ойын-сауықтық форматта жұмыс істейтін отандық телеарналар арасындағы жетекші компания екендігі сөзсіз. Бірлесіп жұмыс істеудің арқасында телеарнаны телекөрермендерге де, жарнама берушілерге де тартымды ете түсеміз деп үміттенемін. Арнаның жұмысы бекітілген стартегия аясында жалғаса береді», деді Бағдат Қожахметов .

Бағдат Қожахметов 1973 жылы Алматы облысында туған. 1997 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірді. 1992 - 2006 жылдар арасында «Қазақстан», «Астана», «Хабар» телеарналарында диктор, ақпараттық-сараптама бағдарламалардың жауапты редакторы, продюсер, радио және тележобалардың бас редакторы қызметтерін атқарды.

Соңғы бес жылда ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің басшысы, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ның Қоғаммен байланыс және маркетинг департаментінің директоры, «Рейтинг плюс» PR-агенттігінің Бас директоры болып қызмет етті. 2004 жылы «Вместе» халықаралық телекинофорумда «Үздік бағдарлама жүргізушісі» болып танылды. «Айбын» орденінің кавалері.

Соңғы жаңалықтар