Бағынбау ескерткіші: Трампқа арнап мүсін орнатылды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трампқа арналған ерекше ескерткіш ашылды. Оны бизнесмен әрі жақтасы Энтони Константино сыйға тартқан.

Трамп ескерткіші
Фото: Anthony Constantino/X

Ол бұл жаңалықпен X әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

Мүсін Флоридадағы Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясының маңында, гольф алаңына жақын жерде орналасқан.

«Бағынбау ескерткіші» деп аталған бұл мүсін Трамптың жоғары көтерілген жұдырығымен бейнеленген. Сонымен қатар Трамптың сайлауалды ұрандары да жазылған.
Ашылу рәсімінде Трамп бұл сыйлыққа ризашылығын білдіріп, оны «нағыз күрестің белгісі» деп атады.

— Қарсылық — бұл американдық бостандықтың негізі, — деді ол.

Трамптың жақтастары бұл ескерткішті оның саяси жолының символы ретінде қабылдап жатыр.

Айта кетейік, Дональд Трамп өткен медициналық тексерудің нәтижесі белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар