BaiQymyz-2026: Елордада үздік ұлттық образ иесіне ат мінгізеді
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада фестивальге келушілер арасында «Үздік ұлттық киім» байқауы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астанада 11-12 шілде күндері өтетін BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі аясында ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге бағытталған «Дәстүр сәні: BaiQymyz-2026» байқауы ұйымдастырылады.
Байқауға фестиваль қонақтары ұлттық нақыштағы ерекше киім үлгілерімен қатыса алады.
Жеңімпазды анықтау барысында киімнің ерекшелігі және ұлттық элементтердің үйлесімі бағаланады. Үздік ұлттық образ иесіне жылқы сыйға тартылады.
Айта кетейік, билеттерді Ticketon платформасы арқылы сатып алуға болады. Келушілер бір күнге немесе фестивальдің екі күніне де арналған билеттерді таңдай алады. Зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.
Бұған дейін «Қазанат» ипподромында өтетін BaiQymyz-2026 фестиваліне қалай жетуге болатынын жазғанбыз.