БАҚ Мемлекет басшысы ұсынған реформалардың мәнін айқын да қарапайым тілмен түсіндіруі тиіс - ҚР мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» деп аталатын мақаласы әрбір азаматтың тұрмысын жақсарту, мемлекеттің тұрақтылығы мен нығаюын сақтау үшін елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қазақстандық қоғам дамуының жолын көрсеткен бағдарламалық құжат болды.
None
None

 ҚР мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Президент ұсынған әлеуметтік жаңарту бағыттарының маңыздылығын түсіндіреді және отандық бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес сектордың алдына міндеттер қояды.

- Дархан Қамзабекұлы, Сіз ҚР Президентінің мақаласындағы басты мәселе не деп санайсыз?

- Бастысы -  Президент ұсынған осы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына көшу идеясы: жаһандық тұрақсыздық жағдайында қазақстандық  қоғам қандай болуы тиіс деген сұраққа жауап іздейді.  Бұл үндеуде теңдестірілген әлеуметтік жаңғырту; әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделі; әрбір қазақстандыққа қамқорлық; тұтыну және жаппай масылдық идеологиясының келеңсіздігі; өнімді еңбек пен адам еңбегінің құндылығы туралы салиқалы пікір алға тартылады.

Мемлекет басшысы әлемдік дағдарыстың негізгі себептерінің бірі ретінде масылдық пен әлеуметтік инфантилизмді атайды. Ол бұл тезисті 3 шілдеде өткен телекөпір барысында Грекияның, Испанияның және Италияның мысалында жақсы ашып көрсетті - ең төменгі жұмыс кестесі мен мемлекет тарапынан үлкен әлеуметтік төлемдер оларды орға жықты. Президент бүгінде өндірістік еңбектің құндылығы түсінігі шайылып кетті, бәрі де аз жұмыс істеп, көп алуға ұмтылады, деп атап көрсетті.

Қазақстан үшін бұл тұрғы айрықша жатқылықсыз және қауіпті. Біздің елімізде еңбекке жалпыға ортақ қатынас ерекше және бағалы құндылық болуы тиіс.

- Бүгінде іс жүзінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының мәнісі неде?

- Бұл мәселені көрнекі ашу үшін кішкентай бірақ та өте табысты Сингапур мемлекетін мысал ретінде айтып өткім келеді.  Осынау аралдық мемлекетте тұратын 7,5 миллион азаматқа 100 мың миллионерден келеді, елде 33-тен астам ірі трансұлттық компаниялардың филиалдары жұмыс істейді. Сингапур - әлемдік көлік хабы, білім, инновациялық технологиялар, мұнай-химия өнеркәсібі, фармацевтика, қаржы қызметтері және басқа да көптеген игіліктер орталығы. ІЖӨ әр адамға 30 мың доллардан асады

Бүгінде Сингапур тынықмұхиттық аймақтағы жұмақ секілді. Қытайдың, Үндістанның және Малайзияның көптеген бай және ілкімді адамдары осында жұмыс істеп, өмір сүргісі келеді. Меніңше, бұл ел барлығына қол жеткізді және оның азаматтары да бақуатты. Енді бұрыннан қалыптасқан қисынға салсақ, олар арқаны кеңге салып, өмірдің ләззатына бөленуі, мемлекеттен өздеріне көтеріңкі әлеуметтік көңіл бөлуді, жұмыс күнін азайтуды, зейнетақыны  көтеруді және басқа да игіліктерді   талап етуі тиіс. Бірақ олай етпейді. Сингапурда ресми 50 сағаттық еңбек аптасы, оның үстіне сингапурлықтар бұдан тыс жұмыс орындарында қалады, сенбі және демалыс күндері еңбек етеді. Барлығы да - премьер-министр, мемлекеттік қызметшілер, банк қызметкерлері, кәсіпорындардағы жұмысшылар, студенттер, мектеп оқушылары... Олар өздерінің елі табысты болуы үшін нәтижелі еңбек ету қажеттігін жақсы түсінеді. Өздерімен үзеңгілес Қытай, АҚШ, Жапония сияқты көптеген алып елдер тұрғанда олармен ойдағыдай бәсекелесу қажеттігін түсінеді. Егер  олар сәл ғана әлсіздік танытса мемлекеттің өте күрделі жағдайда қалатынын біледі. Сонымен қатар  еңбектің айрықша бағасын және үнемі өзін қамшылап отыру қажеттігін олар балалық шағынан - мектеп партасынан және студенттік кездерінен бойға сіңіреді.

Сингапур бүгінде заманауи Еңбек Қоғамының жарқын мысалы ғой деп ойлаймын. Синапурдың геосаяси және демографиялық сипаттамасы Қазақстанмен белгілі бір жағдайда үндес - әлемдік державалармен жақын көршілестігі, халық саны, дамудың өршіл жоспарлары.  Бұл елдің үлгісі Мемлекет басшысы біздерді шақырып отырған  Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құрудың құндылық бағдарлары мен сұлбасын  неғұрлым жіті  белгілеуге жетелейді.

- Мемлекет басшысының осы бағдарламалық мақаласы бойынша түсіндіру жұмыстары қалай жүргізілуі тиіс?

- Бұл жұмысты айқын жүйелеу және бұдан басқа мақалада көрсетілген мәселелерді алға жылжытудың жаңа нұсқаларын іздестіру қажет. Ол Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыт» атты Жолдауымен сабақтас жүргізілуі қажет. Қазірде ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары жасалды және ол Мемлекеттік хатшының өкімімен бекітілді. БАҚ-та министрліктер мен ведомстволар басшыларының сөздері жоспарлануда, арнайы алқа отырыстары мен аймақтарда актив жиналыстары өткізілетін болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер мен оған қол жеткізу жолдары ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерде егжей-тегжейлі талқыланатын болады.

- Алдағы жұмыстарға байланысты қазақстандық БАҚ алдында қандай міндеттер тұр?

- Мемлекеттік телеарналар жыл аяғына дейін мақала қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі роликтер сериясы мен тележурналдарды белсенді түрде эфирге шығарады. Бұл хабарларда Мемлекет басшысы ұсынған реформалардың мәніне жіті және қарапайым түсінік берілуі тиіс. Теле- және радиохабарларда, баспа  және электрондық БАҚ-та еңбек адамының үлгісі және оның кәсіби табыстары көрсетілуі тиіс. Олар кәсіпкерлер, кәсіпорындардағы инженерлер мен жұмысшылар, студенттер болуы мүмкін. Ең бастысы - бұл адамдар қажырлы еңбегімен өзінің және өз отбасының игілігі үшін жұмыс істейтінін және осы арқылы елдің дамуына жәрдемдесіп отырғанын көрсету болмақ. Баспа басылымдарында тиісті айдарлар ашу қажет. Аймақтардағы тілшілер қосындары халықпен жұмыс істеп, елге өз ісіне шын берілген, өзінің кәсіби борышын адал атқарып жүрген, сирек мамандықтардағы адамдарды көрсетуге тиіс. Негізгі міндет - еңбек адамның образын қалыптастыру.

Барлық БАҚ-та мақаланың өзекті басымдықтары бойынша жіті тақырыпатылық желілер құру қажет - бұл ең алдымен, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, жастар саясаты, тұрғын үй саласын реформалау. Әрбір редакцияда тиісті медиа-жоспарлар жасалуы тиіс. Әрине, министрлік өз тарапынан ақпарат алу мәселелерінде делдал болуға дайын.

- Президент өзінің Жолдауының жүзеге асырылуына көңілі толмайтынын білдірді. Бұқаралық ақпарат құралдары Мемлекет басшысының тапсырмаларын ойдағыдай жүзеге асыруға қалай жәрдемдесе алады?   

- БАҚ, қоғамдық бірлестіктер сияқты Президент берген тапсырмалардың қалай орындалып жатқанына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Мен редакцияларға, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірлесе отырып, бірқатар қоғамдық тексерулер және баспасөз турларын өткізуді ұсынар едім, олар белгілі бір аймақтарда Жолдау қалай жүзеге асырылып жатқанын, халықтық құрылыстар қалай жүріп жатқанын, әлеуметтік қызметтер ұсынуда және жұмыспен қамтуда қандай проблемалар бар екенін өз көздерімен көріп, жұртшылыққа айтып берер еді. Мәселен,  3 шілдеде телекөпір барысында Мемлекет басшысы адам құқығын бұзудың өрескел фактісін келтірді, онда жұмыс беруші әйелдерден бірден екі өтініш жазуды талап еткен - бірі жұмысқа қабылдау, екіншісі екіқабат болған жағдайда жұмыстан босату туралы. Мұндай фактілерді анықтап, жұртшылық қаперіне жеткізу қажет!

- Сіз мақалада көрсетілген міндеттерді алға жылжытудың жаңа формалары туралы айттыңыз. Олар қандай болуы мүмкін?

- Мысалға айтар болсам, менің ойымша бүгінде радионың әлеуеті жеткілікті пайдаланылып отырған жоқ. Мен bnews.kz сайтындағы онлайн-конференциялар тәрізді еңбегі жанған, өз кәсібін құлай сүйген адамдардың, жасампаз еңбек ерлерінің қатысуымен радио-конференциялар сериясын өткізуді ұсынамын. Бұл адамдардың жұртшылыққа айтары, бөлісер нәрселері аз емес. «Астана» радиосы осындай диалог алаңы бола алар еді.

- Аймақтық БАҚ алдында қандай міндеттер тұр?

- Соңғы зерттеулер аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары ерекше сенімге ие болып отырғанын көрсетеді және бұл облыстық және аудандық БАҚ-қа зор мүмкіндіктер береді, оларды барынша пайдалану қажет. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудың нақты мысалдарына баса назар аудара отырып, ақпараттық науқанды өрістету қажет. Өз мамандығы бойынша қайта даярлықтан өту мүмкіндігіне ие болған, жаңа пәтерлер алған адамдарды, еңбекшілердің құқықтарын қорғау, заңдардың бұзылуын анықтау жөніндегі мемлекеттік органдар жұмысын көрсету қажет. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары орындалып жатқандығын және оған мемлекеттік органдар қатаң бақылау орнатқанын көрнекі түрде көрсете білу қажет.

Аймақтық БАҚ үшін бөлек «өмірлік тарих» форматындағы материалдар болуы тиіс - оларда кәсіби адамдар, өздігімен мансапқа жеткен жандар үлгі етіп алынуы тиіс. Олар дәрігер, мұғалім, ірі кәсіпорынның басшысы, кәсіпкерлер және басқа да мамандық иелері болуы мүмкін.

Аймақтық БАҚ үшін айрықша міндет - бұл жұмыстың ақпараттық-практикалық бағыты. БАҚ адамдарға кеңесші рөлін атқару тиіс - қайда барып, қалай қайта даярлықтан өтуге болады, өз еңбек құқығын қалай қорғау керек, өз қызметіне немқұрайды қарайтын жұмыс берушілерге қайда шағыну қажет деген сияқты өмірлік қажетті мәселелерде көмек көрсету қажет. Аймақтық газеттерде оқырмандар хаттары және оларға жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің үн қатуы бойынша тұрақты айдарлар болуы тиіс.

- Мемлекет басшысының мақаласында көтерілген идеяларды түсіндіруге және насихаттауға үкіметтік емес сектор қалай қатыса алады?

- Ең алдымен, үкіметтік емес сектор - жақсы сарапшылар, жұрт оларға сенеді және олардың пікіріне құлақ түреді. Бүгінде осы секторда жарты миллионнан астам адам және 20 мың ұйым тұрақты немесе ұдайы негізде жұмыс жасауда. Олардың міндеті - әрбір үйде, әрбір отбасында болып, қарапайым адамдардың көмекшілері және кеңесшілері болуы тиіс, олардың ерекшелігіне байланысты бұған мемлекеттің қолы әзірге жетіп жатқан жоқ. Бұл орайда мемлекеттік әлеуметтік тапсырс ауқымындағы іс-шаралармен шектеліп қалмау керек. Азаматтық секторда жұмыс тәжірибесі және үлкен әлеуеті бола отырып, ҮЕҰ «қоғамдық бақылаушылар» рөлін атқара алады, еңбек жанжалдарын шешуде сарапшы бола алады және басқа да көптеген қызметтерді атқаруға өресі жетеді. Адамдардың нақты проблемаларын шешуге бағытталған жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетілуі тиіс, ал ҮЕҰ бұл проблемаларды анықтай алады.

- БАҚ пен қоғамдық ұйымдар алдында тағы қандай міндеттер тұр?

- Тұтастай алғанда, көрсетілген жұмыстарды тамыз айының ішінде жоспарланған және ел ішінде және халықаралық деңгейде маңызы зор бірқатар ірі шараларды ескере отырып жүргізуді ұсынамын.

Біріншіден, БАҚ өздернің жеңістерімен елімізге және халқымызға үлкен сыйлық жасаған біздің олимпиадашыларымызды  қошеметтеу жұмысын ұйымдастыруы тиіс. Олар ұлтымызды топтастырып, патриоттық рухты жоғары деңгейге көтерді. Олар - біздің даңқты батырларымыз. Чемпион-спортшылардың қалыптасуы - олардың алғашқы айқастары, жеңістері мен жан толқыныстары туралы материалдар ұйымдастыру қажет. Олардың жаттықтырушыларының, достарының естеліктерін жариялау қажет. Яғни, өздерінің еңбегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізген осынау қарапайым жандарды барлық қырынан көрсете білу қажет.

Екіншіден, 27-29 тамыз күндері Астанада «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» атты халықаралық конференция өтеді. Ол 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күні өткізілуінің үш жылдығына орайластырылып отыр. Конференция Мемлекет басшысының ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы бастамалары барған сайын әлемдік қоғамдастықтан зор қолдау тауып отырғанына жарқын мысал болмақ. Оған қазірдің өзінде әлемнің 50-ден астам елінен 100-ден астам делегация қатысатындықтарын қуаттауының өзі куә. БАҚ Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы - 1991 жылы Семей полигоны жабылуынан ядролық қаруды таратпау және барлық ірі ядролық державалар оны сынаудан бас тарту жөнінде БҰҰ деңгейінде халықаралық шартқа қол қою жөніндегі барлық бастамалары ашып көрсетілуі тиіс.

Үшіншіден, Конституция күнін мерекелеу. Осы мереке қарсаңында да халықаралық конференция өткізілмек. Оған әлемнің 15 елінен конституциялық кеңестер мен соттардың басшылары, сондай-ақ үш омбудсмен қатысады. Конференцияда ел дамуын қамтамасыз ететін негізгі құжат ретінде Қазақстан Конституциясының айрықша рөлі тағы да атап көрсетілетін болады. Сондай-ақ мемлекет қорғауында тұрған жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмаушылығы және оның басымдығы атап өтіледі.

Конституция күнін Қазақстан табыстарын - әртүрлі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын, халықтың әл-ауқатының өсуін, мемлекеттің әлеуметтік саясатының нәтижелілігін, жаңа инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуын және басқаларын көрсету үшін ақпараттық  себеп ретінде пайдалану қажет. Констиция күні қоғамда өз елі үшін мақтаныш сезімін туғызуы қажет.

Сөзімнің соңында айтарым, Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан біздің отандастарымыздың алға қойылған жаңарту саясатының басымдықтары туралы ақпараттандырылу деңгейіне әлеуметтік өлшемдер жүйесі құрылды. Олардың нәтижелері жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін бағалауға және тиісінше оған түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

- Әңгімеңізге рахмет.        

 

Соңғы жаңалықтар