БАҚ өкілдері арасында шағын теннистен турнир өтеді

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Маусымның 19-ында елордада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын теннистен турнир өтеді.

БАҚ өкілдері арасында шағын теннистен турнир өтеді

Бұл ақпаратты Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

«ҚР Теннис федерациясы маусымның 19-ында Астанада өтетін Дэвис кубогы халықаралық турниріне қолдау көрсету, сондай-ақ қазақстандық журналистер күні қарсаңында БАҚ командалары арасында «DAVIS CUP Kazakhstan Media» шағын теннис турнирін өткізеді», делінген федерация ақпаратында.

Жарысқа қатысу үшін өтінімдерді маусымның 16-ына дейін жіберу қажет.