БАҚ өкілдерін сот отырыстарына негізсіз қатыстырмауға тыйым салынбақ

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевтің төрағалығымен  жоғары сот органының кезекті жалпы отырысы өтті.

БАҚ өкілдерін сот отырыстарына негізсіз қатыстырмауға тыйым салынбақ
Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Іс-шара барысында Жоғарғы сот судьясы Елена Максюта сот билігі туралы нормативтік қаулыларға енгізілген өзгерістер кассациялық сот төрағасының азаматтарды қабылдауын, БАҚ өкілдерінің сот отырыстарына қатысуына негізсіз бас тартуына тыйым салуды, сотқа БАҚ-тың ықпал ететін әрекеті үшін жауаптылық туралы «Масс-медиа туралы» Заңның 67-бабының 2-тармағын енгізуді, сондай-ақ судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту үшін негіздер қарастыратынын атап өтті. Заңды өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынысқа қойылатын талаптар толығырақ сипатталғанын айтты.

Мұнан бөлек, Жекелеген нормативтік қаулыларға неке-отбасы қатынастары және алимент өндіру саласындағы түзетулерді Жоғарғы сот судьясы Рәзия Қуанышбаева таныстырды.

Оның айтуынша, нормативтік қаулылар жобасында ерлі-зайыптылардың бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлу туралы талаптары бойынша талап қою мерзімін дұрыс есептеу қажеттілігі көрсетілген. Алимент өндіруге қатысты бірқатар ереже алынып тасталды. 

Айта кетейік, осы жылдың 1 шілдесінен бастап Астанада жаңа кассациялық соттар жұмыс істей бастайды. 

Соңғы жаңалықтар