БАҚ: Оралдың 9 жасар тұрғыны інісі мен қарындасы үшін қашып кеткен «көкек» ананың орнын басқан

Бұл ретте ол мектептен де қалмай, жақсы бағалар алып жүрді.
Бұл туралы «Экспресс К» газетінде шыққан «Ищите "кукушку", мать вашу» атты мақаласында Вячеслав Куликов жазды.
Татьяна Дозорованың өз балаларын тастап кеткенін бір күні оның көршісі байқап, қалалық прокуратураға телефон шалады. Қадағалау ведомствосының мобильдік тобы қала маңындағы Зачаганск кентіндегі аталған мекен-жайға келіп, көпқабатты үйде тасталған балаларды анықтады. Вячеславтың айтуынша, мектепте сабақ басталғалы бері ол анасы туралы хабарсыз болған.
«Ол бізге ұзақ уақытқа кететінін айтқан жоқ. Мен інім мен қарындасымды ол жоқта жылатпауға тырыстым. Олар бәрін түсінеді. Мен сабаққа кеткенде, үйде жалғыз қалып, шуламайтын», - деп түсіндірді ересек адамша Вячеслав прокуратура қызметкерлеріне. Дәрменсіз үш жас баланы айықпайтын қыдырысқа ауыстыру үшін қандай тасжүрек ана болу керек? Прокуратура қызметкерлерінің естуінше, Татьяна Дозорова саяжайларда өзі сияқты өмірді баз кешкен адамдардың арасында өмір сүріп, қаңғырып жүр, қазіргі кезде оны полицейлер іздеуде. Бірақ олар күзгі «көкекті» мұндай әрекеті үшін ұяттандыру мақсатында іздестіруде емес. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде оны ана құқығынан айыру жалғыз дұрыс шешім болады деп есептейді. Қазіргі кезде Дозоровтардың ішіндегі ең кенжесі облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, мұнда қыз балаға дәрігерлер күтім жасауда. Вячеслав уақытша жасөспірімдерді оңалту орталығына жақын мектепке барып жүр, ал Валентин болса бұл орталықта жадырап жүр.