БАҚ: Стивен Сигал Якутияға өзінің түп-тамырын іздеуге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актері Стивен Сигал якуттың Мирный қаласына келді, деп хабарлады РИА Новости жергшілкті ЯСИА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

БАҚ: Стивен Сигал Якутияға өзінің түп-тамырын іздеуге келді

Басылымның хабарлауынша, Стивен Сигалдың Якутияға сапарының ресми мақсаты «АЛРОСА» АК алмаз өндіретін кәсіпорынның техникалық, әлеуметтік-экономикалық деңгейін бағалаумен байланысты.

Алайда голливуд жұлдызының Якутияда болуының жеке сипаты бар. «Сигал Якутиядан өзінің түп-тамырын іздейді», делінген мақалада.

ЯСИА агенттігінің хабарлауынша, Сигалдың әке жағынан атасы Ресей аймақтарының бірінде дүниеге келген, содан кейін ХХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ-қа қоныс аударған.

Актер өзінің түп-тамырын іздеп Қазақстанда, Қалмақстанда, ресейлік Тыва Республикасында болған, енді Якутияға жетті.