15:36, 22 Қараша 2015 | GMT +5
БАҚ: Turkish Airlines-тің ұшағы бортта бомба бар деген қауіппен шұғыл Канадаға қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк-Ыстамбұл бағытында ұшқан Түркия Республикасының «Turkish Airlines» әуе компаниясының А330 ұшағы шұғыл түрде Канаданың Галифакс қаласына қонды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Канада полициясына сілтеме жасай отырып, AFP агенттігі хабарлағандай, әуе кемесінің ұшағы «бортта бомба жарылуы мүмкін» деген қауіппен шұғыл түрде бағытын өзгертуге мәжбүр болған. Қауіпке қарамастан, экипаж ұшақты сәтті қондырған, деп хабарлайды Канада полициясы.
Ұшақ бортында барлығы 256 адам болған екен.
«Полиция осы қауіптің себебін анықтап, нақтылауға және оқиғаға жауапты адамдарды табуға тырысып жатыр», - деп хабарлаған Канада полициясы.