БАҚ-ты шулатқан ресейлік азамат Қазақстанда құлдықта ұсталған жоқ - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік азамат Образцов Қазақстанда құлдықта ұсталған жоқ. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
None
None

Оның жазуынша, ресейлік азамат Юрий Образцов 2014 жылдың сәуірінде Алматыға Новосібірден пойызбен келген.

«Дәрігер-мамандармен сөйлескенде ол өзінің Новосібір облысындағы психодиспансерде есепте тұрғанын айтқан. Мамандар сұрағына жауап бергенде Алматыға келген соң одан әрі Ташкентке кету туралы жоспарын да жеткізген. Ол бір ауылдан екінші ауылға бірде жаяу, бірде түрлі көлікке мініп жүре берген. Ешкім оны күштеп ұстамаған. Үш жыл бойы қайда болғаны, қайда тұрғаны туралы сұраққа жауап бере алмаған. Сот-медициналық сараптама жүргізілді, оның денесінен ешқандай жарақат анықталмады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деп жазды Садубаев.

Айта кетейік, осыдан 2-3 күн бұрын отандық және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Образцовты ресейлік физик ғалым деп атап, оның үш жыл бойы Қазақстанда құлдықта ұсталғандығын жазған болатын.

Соңғы жаңалықтар