Бакиев сырттай 24 жылға сотталды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Бішкек гарнизонының әскери соты елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оның інісі - бұрынғы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Жаныш Бакиевке сырттай үкім шығарды, деп хабарлады Лента.ру.
None
None

АКИpress агенттігінің хабарлауынша, олар өкілеттігін асыра пайдаланғаны және басқа да қылмыстары үшін айыпталып, сырттай бас бостандығынан айыруға: бұрынғы президентті - 24 жылға, оның інісі өмір бойы түрмеде отыруға кесілді.

Әскери соттың баспасөз баянында Бакиевтердің не үшін сотталып отырғаны нақтыланбаған. Дегенмен, агенттік үкім президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы - Медет Садырқұловтың қазаға ұшырау ісіне байланысты шығарылған деп пайымдайды.

Медет Садырқұлов президент әкімшілігін 2007 жылдан 2009 жылдың басына дейін (Бакиевтің билігі кезінде) басқарды. Ол мемлекет басшысына ықпалы күшті «сұр кардинал» атанды. Садырқұлов 2009 жылы наурызда қызметінен кеткеннен кейін қаза болды. Ресми нұсқа бойынша, ол жол-көлік апатына ұшыраған (Садырқұловтың және оның екі серігінің денелері өртенген машинаның ішінен табылды).Апатқа кінәлі деп табылған (президент әкімшілігінің басшысы мінген машинаға соқтығысқан деген болжаммен) Өмірбек Осмонов деен біреу 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейінірек жазасын қоныс-колонияда өтеп жатқан Осмонов өлтірілді.

2010 жылғы төңкерістен кейін Құрманбек Бакиев тағынан тайдырылып, ол өзінің бірнеше туыстарымекн елден қашып кетті. Қырғызстанның жаңа билігі Садырқұловтың қаза болуы туралы тергеуді қайта бастады. Ресми нұсқа қайта қаралды: республика ІІМ президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы өлтірілгенін жариялады. Жаңа нұсқа бойынша, оны өлтіруді ұйымдастырған президенттің інісі, мемлекеттік күзет қызметінің сол кездегі басшысы Жаныш Бакиев болып шықты. Оның бұйрығымен Садырқұлов мініп келе жатқан машина тоқтатылған, жолаушылар қайдағы бір саяжайға апарылып, бұрынғы президент әкімшілігінің басшысы тұншықтырылып өлтірілген, қасындағы серіктерінің де көзі жойылған. Содан кейін олардың денесін жолға әкеліп, машинада қалдырып, өртеген, сөйтіп, жол апатына теліген.

Тергеудің жаңа нұсқасына сәйкес, Садырқұлов оппозицияға кетпекші болғаны үшін өлтірілген. Бұл іс бойынша, сырттай айыптар Құрманбек пен Жаныш Бакиевке 2012 жылдың қыркүйегінде тағылды. Кейінірек, қараша айында осы іс бойынша бұрынғы күш-қуат құрылымдарының бірнеше қызметкерлері сотталды.

Осы қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар Құрманбек Бакиев өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп танылды. Ал оның інісі кісі өлтіргені, қылмыстық топ құрғаны және өкілеттігін асыра пайдаланғаны, сондай-ақ кісі ұрлағаны және өлген адамның денесін қорлағаны үшін айыпты деп танылды.

Құрманбек Бакиев төңкерістен кейін Берарус еліне паналады. Қырғызстанның жаңа билігі оны қайтарып алуға әрекеттенгенмен одан ештеңе өнбеді. Кейбір мәліметтер бойынша, Жаныш Бакиев те Беларусьқа орныққан.

Құрманбек Бакиевке Қырғызстанда басқа да айыптар (атап айтқанда 2010 жылы сәуірде Ақ үйге шабуыл кезінде бүлікшлердің қаза болуына қатыстылығы) тағылды. Алайда сәуір оқиғалары бойынша сот істері әлі аяқталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар