Бақыт Құсақбаева дзюдодан Азия чемпионатында қола жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM — Бақыт Құсақбаева дзюдодан Азия чемпионатының үшінші медалін Қазақстан қоржынына салды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Бақыт Құсақбаева дзюдо
Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы Бақыт Құсақбаева дзюдодан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Үшінші орын үшін белдесуде Құсақбаева Түрікменстан өкілі Майса Пардаеваны жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) үшінші орын алған болатын.

Бұдан бұрын «Жетісу» клубы Азия чемпиондар лигасының финалына шыққанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар