Бакуде 2012 жылғы VI Каспий мұнай-газ сауда-көліктік конференциясы өтеді

Шара барысында келесі тақырыптар талқыланады: Каспий энергетикалық орталық ретінде; Каспий елдерінің энергиялық және геосаясатындағы тартылыс полюстері; Аймақтағы басты ойыншылар мен Каспий энергетикалық секторының жаңа фигуранттары; ЕО елдерінің энергиялық ресурстарды тұтынуы; Каспийдегі еуропалық үміттер мен мүдделердің соқтығысуы; Еуроодақтың газ жеткізілімдерін қажетсінуі мен Каспийдің олармен қамтамасыз етудегі рөлі; Әзірбайжанның энергетикалық нысандарының Шығыс-Батыс энергетикалық жобаларын дамытудағы рөлі; Оңтүстік газ дәлізі жобасын іске асыру және т.б.
Конференция қатысушыларының арасында - «ҚазМұнайГаз» (Қазақстан), «ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетинг» (Қазақстан), «ҚазТеңізКөлікФлоты» (Қазақстан), Karachaganak Petroleum Operating BV (Қазақстан), «Қазақойл Ақтөбе» (Қазақстан), Cross Caspian Oil and Gas (Әзірбайжан), Dragon Oil (БАӘ), GDF Suez (Франция), Fedmor (Ресей), Totsa Total Oil Trading SA (Франция), KSP Steel Trading House (Қазақстан), Karasu Operating Company (Әзірбайжан), Batumi Services (Грузия), «Ақтөбе мұнай және газды өңдеу» (Қазақстан), Теңіз көліктік компаниясы (Қазақстан) және тағы басқалары бар.