Бакуде акі автобустың соқтысуынан бес адам мерт болды
АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат - Бакуде рейстік акі автобустың соқтысуынан бес адам, оның ішінде екі жүргізуші де мерт болды, үшеуі жарақаттанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Апат қаланың солтүстігінде, қарбалас шақта орын алды - автобустарда артық адам көп болған. Алдын ала болжам бойынша жол-көлік оқиғасына көру қашықтығының нашарлығы әсер еткен. Тергеу жүргізілуде.