Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бақыт Сұлтанов «ҚазАгро» директорлар кеңесінің мүшесі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесі құрамында өзгерістер болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақыт Сұлтанов «ҚазАгро» директорлар кеңесінің мүшесі болды

Хабарламаға қарағанда, ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, директорлар кеңесінің құрамы:

Асқар Мырзахметов - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі;

Қайрат Айтуғанов - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі;

Тимур Сүлейменов - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ұлттық экономика министрі;

Бақыт Сұлтанов - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Қаржы министрі;

Болат Жәмішев - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы;

Нұрлыбек Малелов - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы;

Жанна Егімбаева - тәуелсіз директор;

Асқар Елемесов - тәуелсіз директор;

Ораз Жандосов - тәуелсіз директор;

Нұржан Әлтаев - тәуелсіз директор.