Бақытты неміс лотереядан 11,8 миллион еуро ұтып алды
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Баден-Вюртмеберг жерінің тұрғыны «6х49» лотереясынан 11,8 миллион еуро ұтып алды. Оған 6, 7, 12, 17, 18, 34 деген сандарды дұрыс табудың сәті түскен және тек оның ғана ойын талонының соңғы саны 4 деген суперсанға сәйкес келген.
Алты санды тапқан, бірақ олардың ойынша суперсанға байланысты «жолы болмағандар» 1,8 миллион еуродан алды. Бес санды және арнайы қосымша санды тапқан 116 адамға 12,3 мың еуродан бұйырды.