Бақытжан Сағынтаев Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Кездесу барысында Үкімет басшысы мен халықаралық комитеттің президенті Қазақстанда және әлемдегі параспорттың бүгінгі жай-күйі мен оның болашақ дамуы туралы айтылды.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 12 - 20 шілде аралығында Астанада өтетін пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатын өткізу мен оған дайындық барысы қаралды. Айта кету керек, жазға жоспарланып отырған пара пауэрлифтинг чепионаты еліміздің параспорт тарихындағы алғаш рет өткелі отырған халықаралық шара.

Одан соң, құрметті қонақ қаладағы №83 орта мектепте болып, «I'mPOSSIBLE» халықаралық жобасы аясында жүзеге асырылып жатырған инклюзивті сынып оқушыларымен кездесті. Мектептегі инклюзивті білім беру жұмысымен таныса келе, балалардың отырып ойнаудан волейбол және голболдан ойындарын тамашалады.null

Ал түскен кейін халықаралық паралимпиада комитетінің басшысы Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановпен, Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевпен, Ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Диас Сүлейменовпен және Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменовпен кездесу өткізді. null null

Жүздесуде бас қалада параспорт үшін мүмкіндік жасалу жағдайы мен әкімдік тарапынан жазда өтетін пара пауэрлифтинг чемпионатына қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Одан бөлек, Э.Парсонс мәдени бағдарлама аясында елордадағы «Нұр-Әлем» музейіне барды.

Айта кетсек, Халықаралық паралимпиада комитеті әлемдік деңгейдегі барлық параспорттық шараларды өткізу мен басқаруға жауапты. Аталған ұйымның құрамына әлемнің 180 ұлттық паралимпиадалық комитеті кіреді, оның ішінде біздің ұлттық паралимпиадалық комитет те бар.

Еске салсақ, кеше Астанаға алғаш рет Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонстың ресми сапармен келгенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар