Бақытжан Сағынтаев ШҚМТУ-дің ғылыми-зерттеу жобаларымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңір бойынша жұмыс сапары барысында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне барды. Онда ЖОО-ның ғылыми әзірлемелерімен танысып, облыстың ірі кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
None
None

Университет ректоры Ж. Шаймарданов ҚР Премьер-Министріне Индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасына кадрларды дайындау бойынша жобаны іске асыру барысы туралы, және 2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарымен бірлесіп жүзеге асырылатын мақсатты ғылыми-технологиялық бағдарламаларды әзірлеу туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев университеттің ғылыми-зерттеу зертханасын аралады, одан кейін облыстың ірі кәсіпорындарының басшыларымен ШҚМТУ-дің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық талдамалары жөніндегі мәселелер бойынша кездесу өткізді.

Кеңес барысында ғылыми жобалардың жетекшілері баяндамаларын оқыды, олардың ішінде: физика-математика ғылымдарының докторы, ШҚМТУ профессоры С. Плотников, техника ғылымдарының докторы, ШҚМТУ профессоры М. Дудкин, химия ғылымдарының кандидаты, ШҚМТУ доценті Н. Куленова, техника ғылымдарының кандидаты, ШҚМТУ доценті А. Быков, техника ғылымдарының кандидаты, ШҚМТУ кафедрасының меңгерушісі Г. Нұршайықова, физика-математика ғылымдарының докторы, ШҚМТУ профессоры Д. Алонцева, сонымен қатар, өнеркәсіптік ұйымдардың өкілдері: «ӨК ТМК» АҚ президенті А. Мамутова, «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісінің директоры А. Цораев, «Қазцинк» ЖШС металлургия жөніндегі атқарушы директоры Т. Азекенов және «Шығыстүстімет» ЖШС техникалық жетекшісі С. Абдрахманов бар.

Кеңес қорытындысы бойынша «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Мәлім болғандай, ҚР Президенті Үкімет алдына оның негізінде жаңа, перспективалық технологиялар мен инновациялар болатын, Қазақстанға 2050 жылы әлемнің ең озық дамыған 30 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік беретін экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру міндетін қойды.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің аталған міндеттерді іске асыруға үлес қоса алатындай, қажетті кадрлық және ғылыми әлеуеті бар екенін айта кеткен жөн.

 

Соңғы жаңалықтар