Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бақытжан Жұмағұлов Екібастұзда салынып жатқан білім нысандарында болды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат - 15 тамыз күні ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Екібастұз қаласында салынып жатқан білім нысандарында болды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Бақытжан Жұмағұлов Екібастұзда салынып жатқан білім нысандарында болды

Аймақ басшысы Ерлан Арын және министр отын-энергетикалық сала үшін кадрларды даярлау бойынша аймақаралық орталықтың құрылыс алаңында болды.

Б.Жұмағұлов оның республика үшін маңызын атап өтті. Мұндағы сегіз гектарда оқу ғимараттары, зертханалары, шеберханалары, тұру және демалу үшін корпустары бар ірі кешен бой көтерді.

«Құрылысшылар нысандағы жұмысты осы жылдың аяғына қарай аяқтамақшы», - деп атап өтті «S&ER Company» құрылыс компаниясының техникалық директоры Сәулеш Құсайынова.

Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Екібастұзда құрылысы аяқталуға жақын оқу орталығы мен музыкалық мектептің оқытушылар құрамы жасақталуда.

Бұл еліміздегі ең үлкен балалар музыкалық мектебі болады. Мұнда бес бөлім ашылады, балалар домбыра, қобыз, скрипка, фортепиано және басқа аспаптарда ойнауға үйренеді. Акустиканың барлық жағдайларына 350 орынға арналған концерттік зал сәйкес болады.

«Бүгінде елдегі білім саласына өте үлкен қаражат салынуда. Индустрияландыру міндеттеріне жауап беретін жоғары кәсіби мамандарды даярлауы тиіс жаңа заманауи оқу мекемелері бой көтеруде», - деп атап өтті Б.Жұмағұлов.