Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бала құтқару кезінде қаза тапқан қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерін еске алуға арналған турнир өтті - Қостанай

АСТАНА.  Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ -   Өткен демалыс күндері    Қостанайдағы    УК-161/2  түзету мекемесінде     мини-футболдан    жарыс өтті.  Турнир  бала құтқару кезінде  қаза  тапқан   қылмыстық-атқару  жүйесінің  қызметкерін еске алуға арналды.

Бала құтқару кезінде   қаза тапқан  қылмыстық-атқару  жүйесінің  қызметкерін еске алуға арналған турнир өтті  - Қостанай

Оқиға 2006   жылы шілденің 17-сінде болған еді.  Әділет  капитаны Сәлімбек  Әлденов   жұмыстан қайтып  келе жатады.   Тобыл  өзені арқылы   өтетін Корей көпірінен  өтіп бара жатқан  кезде, көмек сұраған баланың   айқайын  естиді.     Дереу көмекке  ұмтылған  Сәлімек  суға  секіреді.     Соңғы күшін   жинап,    10 жасар қыз баланы   жағаға   итеріп жібереді   де,   өзі   қаза  табады.

Сәлімбек  Әлденовтың   ерлігі     ол   мекеме бастығының  орынбасары  болып қызмет еткен  түзету мекемесіндегі әріптестерінің  жадында  сақталады.   Ол қызмет еткен  мекемеде    С.Әлденовты  еске  алу  турнирін өткізу  дәстүрге айналған.

Кезекті  турнирге    облыстық   қылмыстық-атқару  жүйесінің,   Ішкі әскер   әскери бөлімдерінің,   Әділет министрлігінің   Қостанай  облыстық   сот сараптамасы ғылыми-өндірістік  зертханасының  қызметкерлерінен  жасақталған  сегіз құрама команда  қатысты.

Қызу  тартыста   УК-161/3  мекемесінің   (Жітіқара  қаласы)   командасы    турнир жеңімпазы  атанып,  түрлі-түсті  теледидарға ие  болды.