Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бала тәрбиесі ? ата-ананың міндеті

АҚТАУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақтау қаласында ата-аналық құқығынан айыру фактілері жылдан жылға өсіп отыр. Өткен жылы 34 азамат баласын бағып-қағу құқынан айрылған.

Бала тәрбиесі ? ата-ананың міндеті
Бұл Ақтау сынды шағын қала үшін тым жоғары көрсеткіш. Инспекторлар бұл жағдайдың бір жылдың ішінде үш жылдық деңгейге жеткеніне алаңдап, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыста ата-ана қарауынсыз қалғандар Ақтаудағы сәбилер үйі мен Жаңаөзен қаласындағы балалар үйін паналайды. Бесіктен белі шықпай жатып, тірі жетім атанған балалар Ақтаудағы сәбилер үйіне келіп түседі. Бірін ? анасы аштан қатырмақ болса, енді бірін далаға қаңғыртып жіберген. Балаларды тауып алып, тиісті орындарға тапсыру ? инспекторлардың тікелей міндеті. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санының артып отырған себебін құқық қорғаушылар олардың әке ? шешелерінің жауапсыздығынан көреді.«Шын мәнінде, бала тәрбиесі ата-анаға жүктелуі тиіс. Бейберекет жүрген әр ата?анаға, әр балаға жекелеген инспектор қою мүмкін емес. Сондықтан баланың өміріне қандай да бір қауіп төнетін болса,ең алдымен ата ? анасын жауапқа тарту қажет»,- дейді Ақтау қалалық ІІБ ? ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Инна Шваб. Осыдан бірнеше жыл бұрын бүкіл қаланы дүрліктірген оқиға болған. Өзінің 5 жасар баласын ұрып ? соғып, қабырғасын сындырып, басын жарған әйел ата?аналық құқығынан айрылған болатын. Баланың бар жазығы ? қарны ашқандықтан, онсыз да бос тұрған тоңазытқышты сұраусыз ашқандығы.