«BALA Turkvizyon-2015» байқауының іріктеу турына қатысушыларға жас мөлшерінен басқа ешқандай шектеу қойылмайды - Д. Адам

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «BALA Turkvizyon-2015» Халықаралық балалар әні байқауының іріктеу турына қатысушыларға жас мөлшерінен басқа ешқандай шектеу қойылмайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихаты барысында «ADAM Media Group» компаниясының бас директоры Динара Адам мәлімдеді.

Оның айтуынша, кастинг барысында қатысушылар тек қазақ тілінде ғана емес, басқа да тілдерде де ән шырқай алады.

«Талап бойынша іріктеу туры барысында әр өңірден бір-бір дарынды жасөпірімнен таңдап алынады. Оларға жас мөлшерінен басқа ешқандай шектеу қойылмайды. Яғни, бар өнерлерін ортаға салуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, сахнада жалғыз тұрып өнер көрсету міндет емес. Бой-бэнд (ұлдар тобы), гёрлз-бэнд (қыздар тобы), дуэт, квартет болып та шыға берулеріне болады. Тек әр топ бес адамнан асып кетпесе болғаны. Бұл жерде тәлімгерлерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ең дарынды жасөспірімді неесе топты солар ғана таңдайды. Ал шырқалатын әндердің ұзақтығы 2,5 минуттан 3 минут 20 секундтқа дейін» - деді өз сөзінде Д. Адам.

Сонымен қатар ол «BALA Turkvizyon-2015» Халықаралық балалар әні байқауына Қазақстанның атынан қатысатын жас әншінің әніне клип түсірілетіндігін жеткізді.

«Қазақстанның атынан халықаралық сахнаға шығатын жас әнші, байқауда қандай орын алса да, оның әніне жоғары сапалы клип түсіріледі. Қалай болғанда да бұл байқау ол үшін үлкен тәжірибе және үлкен өнер жолына бастайтын жолдама болып табылады. Бұл жерде бір айта кететін жәйт, ұлттық іріктеу байқауына қатысқан барлық 16 қатысушы назардан тыс қалмайды. Барлығы да бағалы сыйлықтармен марапатталады. Оларға өз өнерлерін дамытуға қолдау көрсетіледі» - деді Д. Адам.

Айта кетелік, еліміздің жас эстрада жұлдыздарынан құралған топ, яғни 16 тәлімгер өздеріне белгіленген өңірге барып, 8 жас пен 13 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында іріктеу турларын өткізеді. Олардың арасында Маржан Арапбаева, Ринат Мальцагов, Дастан Оразбеков, Кәмшат Жолдыбаева секілді жұлдыздар бар. Кастинг 1 тамызға дейін созылады.

Кейін, бүкіл Қазақстан бойынша таңдап алынған 16 үміткер Алматыға келеді. Мұнда өнер саласының мамандары үш апта бойы оларды вокалдық және әртістік шеберлікке, сахнадағы қозғалыстарға және хореографияға үйретеді. Әрқайсысына қазақ тілінде жаңа композиция жазылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қыркүйек айының соңында Астана қаласында «BALA Turkvizyon-2015» ұлттық іріктеу байқауының финалы өтеді. Онда Қазақстанның атынан халықаралық «BALA Turkvizyon-2015» байқауына бір орындаушы таңдап алынады.

Ал халықаралық «BALA Turkvizyon-2015» байқауының гранд-финалы үстіміздегі жылы шамамен қазан немесе қараша айында Түркіменстанның Мары қаласында өтеді. Байқау әлемнің түркі тілдес 40 астам елінде тікелей эфирден көрсетіледі.

Айта кетелік, «BALA Turkvizyon-2015» ұлттық байқауы «Жандану әлемі» қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаеваның тікелей қамқорлығымен өтеді.

Соңғы жаңалықтар