Балабақша салуда аналардың бала туу қарқынына үлгере алмай жатырмыз - Жамбыл облысының әкімі

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Облыста мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 46,9 пайызды құрап отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«Облыста балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту проблемасы да жүйелі түрде шешілуде. Бүгінгі таңда көрсеткіш 46,9 пайызды құрап отыр. Бұлар - 1-6 аралығындағы балалар. 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 11,8 пайыздық пунктке жоғары. Бұл ретте «Балапан» бағдарламасының іске асырылуы үлкен рөл атқаруда»,-деді әкім.

Бағдарлама аясында өңірде соңғы 4 жылда 55 балабақша және 130 шағын орталық пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 11 балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

«Бірақ, жасыратыны жоқ, біз қанша тырыссақ та аналардың қарқынына әлі үлгере алмай жатырмыз. Әрине, бұл демографиялық ахуалдың жақсарғандығы. Сондықтан да білім беру нысандарымен қамту жұмыстарын екі есеге күшейту қажет»,-деп түйді Қ. Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар