07:30, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Балабақшаға шабуыл жасаған ер азамат өлім жазасына кесілді - Қытай
БЕЙЖІҢ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Тайсин қаласындағы балабақшада 32 адамды жаралаған ер азаматқа қатысты өлім жазасы Қытай Халық Республикасы Жоғарғы халық сотының санкциясымен Шығыс Қытайдың Цзянсу провинциясында жүзеге асырылды.
47 жастағы Сюй Юйюань жексенбі, мамырдың 30-ы күні таңертең жергілікті уақыт 09.30-да өлім жазасына кесілді, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
Пышақпен қаруланған Сюй Юйюань сәуірдің 29-ында Тайсин қаласындағы орталық балабақшаға басып кіріп, 32 адамды жаралаған болатын, оландың 29-ы - балалар болған. Қылмыскер оқиға орнында ұсталды. Тергеу барысында ол, «құмар ойындарындағы жеңілісі, жеке өміріндегі сәтсіздіктері, үшін қоғамнан кек алмақ болғанын» мойындаған.
Мамырдың 15-інде Тайсин соты Сюй Юйюанды өлім жазасына кескен болатын. Кейінірек Жоғарғы халық соты да сотталушының аппеляциясын кейін қайтарып, өлім жазасын күшінде қалдырды.