Балаға қандай жағдайда вакцина салуға болмайды — дәрігер жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы № 5 қалалық емхана директорының орынбасары, педиатр Ольга Инякина қандай жағдайда балаға вакцина егуге болмайтынын айтты.

вакцинация детей
Фото: Freepik

— Вакциналаудың басты қағидаларының бірі қауіпсіздік және дәлелденген жоғары тиімділігі болуы керек. Қауіпсіздік жайлы айтқанда екпе алушы тұлғаны оның вакцинаға барлық қарсы көрсеткіштерін ескере отырып іріктеу мәселесіне мән береміз. Мен шын мәнінде кейбір екпеге қарсы көрсеткіштер барын атап өткім келеді. «Тұрақты қарсы көрсеткіш» деген ұғым бар, вакцинаның барлық түріне қарсы әсер көрсетуді айтады. Бірінші түрінде, ондай балаға екпе салған соң 48 сағатта ыстығы 40 градустан аса көтеріледі. 3-4 сағат тоқтамай жылауы, сіңірі тартылуы мүмкін. Екінші бір түрі вакцина салғаннан соң 24 сағаттың ішінде байқалады, яғни бала анафилактикалық шок алуы мүмкін, — деді педиатр.

Сондай-ақ, дәрігер бұдан бөлек кейбір ауру кезінде де балаға вакцина алуға болмайтынын атап өтті.

— Энцефалит, менингоэнцифалит дертінің кесірінен орталық нерв жүйесі зақымданған жағдайда вакцина салуға тек жазылғанынан 1 жыл өткен соң ғана рұқсат беріледі. Жіті гломерулонефрит деген сырқат бар, бұл бүйректің қауіпті ауруы. Оған шалдыққан бала жазылған соң 6 айдан кейін ғана вакцина ала алады. Созылмалы аурулары бар балаларға да екпе аурудың беті қайтқан кезінде ғана салыну керек, — деді Ольга Инякина.

Бұған дейін елімізде баласына вакцина салдырмайтын ата-ана көбейіп келе жатқанын жазған едік. 

Сондай-ақ, вакциналаудың арқасында еліміз 34 жылда қандай көрсеткіштерге қол жеткізгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар