Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес құрылды

«Партия Төрағасының тапсырмасымен Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес құрдық. Жаңа Кеңес өкілеттікті тапсырмаларды орындау үшін емес, балалар құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған нақты механизмдерді құру үшін күнделікті қажырлы еңбек етуге құрылды. Бұл салада проблемалар аз емес, осы тұрғыда біз мәселелердің шешімін табуына өз үлесімізді қосуға тырысамыз», - деп жазды М.Әшімбаев.
Оның айтуынша, бүгін Кеңестің алғашқы отырысы өтті.
«Жаңа құрылымның ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерімен «Балалар құқығын қорғау» қоғамдық қорының құрылтайшысы, Астана қаласындағы балалар үйінің директоры Динара Зәкиева айналысады. Оған барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады. Сондай-ақ, партияның барлық филиалдарында бұл жұмысқа жауаптыларды белгілейтін боламыз. Басымдықты міндет ретінде қиын әлеуметтік жағдайдағы балалары бар отбасыларға көмек көрсетуді, балалар құқығы бұзылған фактілерді анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау білдіруге бағытталған шараларды әзірлеуді қарастырып отырмыз», - деді ол.
Сонымен қатар, партия Төрағасының орынбасары Кеңес жұмысына қызығушылық танытқан барлық азамат, соның ішінде ҮЕҰ және қоғамдық бірлестіктер қатыса алатынын айтты.