«Балалар шығармашылығы» атты жаңа жұрналдың алғашқы саны жарық көрді

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада «Балалар шығармашылығы» атты түрлі-түсті жаңа жұрналдың алғашқы саны жарық көрді,

 «Балалар шығармашылығы» атты жаңа жұрналдың алғашқы саны жарық көрді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жұрналдың бас редакторы Әділбек Жақыптың айтуынша, аталмыш басылымның құрылтайшысы «Парыз» қоғамдық қоры. Екі айда бір шығатын жұрналдың таралымы 1 мың 500 дана. «Жұрнал негізінен бүлдіршіндер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып басылатын болады. Ал ерекшелігіне тоқталсақ, онда балалардың өздері жазған көркем-әдеби шығармалары, ертегілері, өлеңдері, әңгімелері жарық көреді. Сондай-ақ жас оқырман балалардың мәдениет, өнер, спорт, білім салаларында жеткен жетістіктерінен де хабардар болады»,- дейді Ә. Жақып. Оның сөзіне қарағанда, жұрналда жарияланған дарынды балалардың еңбектерін кейіннен топтап, кітапша түрінде басып шығару жоспарланып отыр.