Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балалар Қазақстан электролиздік зауытынан сыйлықтар алды

ПАВЛОДАР. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазақстан электролиздік зауыты» АҚ-ның қызметкерлері Кенжекөл ауылының мүгедек балалары үшін жаңажылдық мереке өткізді,

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балалар Қазақстан электролиздік зауытынан сыйлықтар алды

деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

 25 бала зауыттық Аяз атадан сыйлықтар, ойыншықтар және мектеп құралдарын алды. Олардың үшеуіне металлургтер қысқы спорттық костюмдерді сыйлады. Таңертеңгілікке қатыса алмаған балаларға сыйлықтарды үйлеріне апарды.

ҚЭЗ-ның қызметкерлері Жаңа жылдың қарсаңында Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтары мен тортын ала келді. Балалар үйінің барлық 71 тәрбиеленушісіне ұжымның атынан сыйлықтар берілді.