Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнап «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкінде» депозиттер ашылды -Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Палодар облысындағы тоғыз балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкінде» депозиттер ашылды, деп хабарлады банктің клиенттермен жұмыс бөлімінің басшысы Қуат Тілеуханов ата-аналарының қамқорынсыз қалған және тұл жетім балаларға арналған баспана мәселелері талқыланған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі облыстық комиссияның мәжілісінде.
None
None

300 балалар есепшотының 167-сі - мемлекеттік жәрдемақының есебінен толтырылып отыр. Жәрдемақы алмайтын балалар үшін есепшоттарды демеушілер ашқан. Олардың қатарында - павлодарлық банктердің, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері бар.

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне баспана сатып алуға қаражат жинау - жетімдердің пәтер мәселелерін шешудің бір жолы. Дегенмен, балалар үйлерінен кейін баратын жерлері жоқ тәрбиеленушілердің барлығы әлеуметтік баспананың кезегіне тұрғызылады. Соңғы жылдары Павлодарда осындай кәмелетке толмағандардың тек 16 пайызы, Екібастұзда - 36 пайызы ғана пәтер алған. Қалған балалар - жоғары оқу орындары мен колледждеріне түскендері - жатақханаларда тұрады, ал жұмыс істейтіндері - баспана жалдайды.

Соңғы жаңалықтар