Балаларды азаптады деген күдікке ілінген шымкенттік емші арнайы ауруханада жатыр - ІІМ

Колдун
Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ішкі істер министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында асырап алған алты баланы азаптады деген күдікке ілінген емшінің мамандандырылған ауруханада жатқанын айтты.

Асырап алушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр.

«Соттың санкциясымен күдіктінің ауруын ескере отырып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы интенсивті бақылаудағы мамандандырылған стационарға орналастырылды. Қылмыстық іс зерделеу және одан әрі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа жіберу үшін Шымкент қаласының прокуратурасына жіберілді», - делінген сауалға берілген жауапта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шымкент тұрғыны қамқорлығына алған 6 баланың арасында егіз де бар. Ұл мен қыз 2021 жылдың 26 мамырда елордада дүниеге келген. Емші оларды үш айлық кездерінде бауырына басқан. Қамқорлыққа берілген егіз сәбидің тағдырына қатысты істің мән-жайын Астана қалалық Білім басқармасынан сұрап білген болатынбыз.

Еске салсақ, Шымкенттік емші асырап алған 6 баласын қорлап, азаптады деген күдікпен қамауда отырғаны туралы хабарлаған едік. Ол асырап алған балаларына ит пен мысықтың етін жегізді деген дерек шықты.

Осы оқиғаға байланысты білім саласының бірқатар қызметкері жазаланды. Сонымен қатар қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар балалардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Сондай-ақ балалардың елдің бірнеше қаласынан асырап алынғаны белгілі болды.

Балалардың бірінің әжесі Өскеменде тұрады. Kazinform тілшісі 65 жастағы Наталья Устиновамен жолығып, жиен немересінің асырауға қалай берілгенін сұрап көрді.

Ал Шымкенттегі балалар үйінің басшысы емшіден қорлық көрген оқушы туралы айтып берді.

Бірер күн бұрын осы балаларға қамқорлық емес, қорлық көрсетті деп айыпталып жатқан емшінің ісін қарайтын судья белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар