Балаларды қорғау күні кішкентай астаналықтарға балмұздақ пен шырындар тегін таратылады

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - 1 маусымда елорданың «Ғашықтар» саябағында бүлдіршіндерге тегін балмұздақ пен шырындар ұсынылады,
None
None

деп хабарлады astana.kz сайтына қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан.

«Бұл күні біз 4000 балмұздақ пен 3000 тәтті шырын үлестіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ балалар үшін тәттілердің басқа да түрі тегін таратылуы мүмкін», - деді басқарма қызметкерлері.

Балаларға тәттілер тарату таңертең сағат 10.30-да басталады. Осы уақытта «Ғашықтар» саябағында қала бүлдіршіндерінің шығармашыл ұжымының қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады.«Бәйтерек» ансамблі, «Жарық жұлдыз» би ансамблі, эстрадалық әндер студиялары: «Астана жастығы», «Ақша бұлттар», «Жұлдызды сәт», «Гүлдәурен», «Алтын дән» хореографиялық студиясы мен «Балдырған» халықтық циркі кішкентай көрермендерге шаттық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Соңғы жаңалықтар