Балаларды қорғау күніне орай елордада «Жұлдызай» фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада балаларды қорғау күніне орай «Жұлдызай» фестивалі өтеді, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

Өнерлі балаларды қолдау мақсатында өткізілетін «Жұлдызай» фестивалі он жылдың ішінде 36 мыңнан астам талантты жасөспірімді қамтыған. Түрлі жастағы дарынды балалар көптеген мәдени ойын-сауық шараларына, көрмелерге, флешмобтарға, шеберлік сағаттарына қатысып, талай тарихи және мемориалды кешендерді аралады.

Ағымдағы жылы 6-20 сәуір аралығында өткізілген іріктеу кезеңінде Қазақстанның 16 қаласынан 2000-нан астам бала өз өнерлерін ортаға салды. Жалпы, 300 бала іріктеу кезеңінен өтті.

Фестивальдің екінші кезеңі «Астана» ұлттық арт-галереясында ұйымдастырылды. Әділ қазылар алқасындағы ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, эстрада жұлдыздары байқауға қатысушыларға әділ бағасын берді. Қорытынды шоу маусымның 1 күні «Қазақстан» концерт залында өтеді. Оған отандық әртістермен қатар Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Диана Гурцкая қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар